$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Павлодар облысында қос азаматтықты анықтау жұмыстары жалғасып жатыр

AstanaTV
11.07.2025ж. 13:53
115
Павлодар облысында қос азаматтықты анықтау жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: ислам.кз

Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетелдік азамат бір мезгілде біздің еліміздің және басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды, деп хабарлайды Astana TV.

Қазақстаның азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, сол сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылады.
Құқықтық тәртіп сақшылары мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаннан кейін Ресей Федерациясы азаматының құжаттарын пайдаланған азаматты анықтады.

Жыл басынан бері Павлодар облысының көші-қон қызметі 886 адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанын тіркеді, оның 842-сі басқа мемлекеттің азаматтығы бар екенін өздері хабарлады.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында көші-қон қызметінің бөлімшелері облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесіп қос азаматтықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.