Шілденің шіліңгір ыстығында Алматы тауларына қар түсті. Танымал қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко табиғаттың тылсым көрінісін өзі таспалаған суреттер арқылы көрсетті. Кеше оңтүстік астанада жаңбыр жауып, ауа райы күрт өзгерген болатын. Фотограф күн райының қолайсыздығынан кейін тауға шығып, ерекше құбылысты бақылағысы келіпті.
ДМИТРИЙ ДОЦЕНКО, ФОТОГРАФ:
Бүгін таңертең ерте тұрып, айды түсіргім келген. Бірақ одан да әдемі көрініске тап болдым. Қар 3000 метрден жоғары жерге түскен. Үлкен Алматы шатқалына барып, бұл сәтті жақынырақ таспалап алдым. Әрине, қазір жаз болғандықтан, ақ ұлпа ұзақ тұра қоймады, еріп кетті. Тауларды қанша жылдан бері түсіріп жүрсем де, шілденің қақ ортасында бұлай қар жауғанын алғаш рет көруім.