Ақтөбеде көп қабатты үйдің паркингінде автокөлік өртенді. Тілсіз жаудан тоғыз адам құтқарылып, 40 адам эвакуацияланды. Ақтөбеде кеше кешкі жетінің шамасында Бөгенбай батыр көшесіндегі көп қабатты үйдің жертөледегі автотұрағында автокөлік өртке оранды. Қызыл жалын 18 минут ішінде сөндірілді. Өрттен 9 адам оның үшеуі бала құтқарылып, 40 тұрғын эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ҚАНАТ НАГИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЗЕКШІ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:
Аталған мекенжайға келгенде автотұрақта жертөледе орналасқан автотұрақта көлік жанғаны анықталды. Өрттен 10 адам соның ішінде үш бала құтқарылды. 82 адам оның ішінде 30 бала эвакуацияланды және де көліктің жанып жатқан көліктің қасында бір прицеп құтқарылды.