Атырау облысында бойжеткеннің денесі Жайық өзенінен табылды. Оның жоғалғандығы туралы ақпарат полицейлерге 9-шілде күні таңда түскен. Қайғылы оқиға болған түні бойжеткен құрбысының үйінде түнеген. Таңда телефонына хабарлама жазып, шығып кетіпті. Көшелердегі бейнебақылау камераларының көмегімен 18 жастағы қыздың сол күні көпірдің үстінде болғандығы анықталды. Ал денесі келесі күні түскі үш жарымдарда Жайық өзенінен шығарылды.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Индер ауданындағы 18 жастағы азаматшаның өліміне қатысты қазіргі таңда «Өзін-өзі өлітруге жеткізу» дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.