Қарағандыда «Оқырман ұрпақ – кемел келешек. 100 кітапты бірге таңдайық» атты әдеби-танымдық шарасы өтті. Ерекшелігі жастар ұсынылған 100 кітаптан таңдап оқиды.
Абай атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен кездесу “AMANAT“ партиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Кітап көрмесі, интерактивті талқылау, әдеби викториналар және зиялы қауым өкілдерімен кездесу қарастырылған. Мұндағы
мақсат – жастар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру, ұлттық және әлемдік әдебиетті сондай-ақ ел болашағын тәрбиелейтін ең маңызды 100 кітапты көпшілік талқысына салып таңдау.
Жалпыұлттық акция аясында 40 мыңнан астам адам арнайы сауалнамаға қатысып өздеріне ұнаған 100 кітапты таңдаған.
НҰРСАХАН ЕСЕНБЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ ТҰЛҒАТАНУ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Президенттің бастамасымен басталған осы жобаны мен тарихшы, ұстаз ретінде өте қолдаймын. Өйткені бүгінгі жас ұрпақ кешегі классиктердің еңбектерін білмейді. Сондықтан да мен ойлаймын бүгін Қарағандыда өтіп жатқан іс шара керемет дүние. 100 кітаптың ішінен әрине ұсынамыз қайсысын таңдайды әрине жастар өздері біледі. Бірақ оларды оқытудың мғтодикасын табу керек.