$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды

11.07.2025ж. 20:00
91
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің негізгі кезеңдері басталды. Ол қазан айына дейін жалғасады. Бар болғаны бір ай ішінде ресми сайтта 31 мыңнан астам адам тіркеліп, олардың 7 мыңнан астамы келесі кезеңге өтті. Қатысушылар елдің барлық өңірінен келген, ең көп өтінім Астана, Түркістан және Алматы қалаларынан түскен. Келесі кезеңге өткендер шілденің 15-іне дейін мәтінмен жұмыс істеу қабілетін бағалайтын тестке жазылуы тиіс. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын күшейтті. Агенттіктің өңірлік бөлімшелері әлеуметтік желілерде тікелей эфир ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Онда талаптар мен іріктеу тәртібі кеңінен түсіндіріледі. Сондай-ақ, бұрынғы резерв мүшелері мен сарапшылар жастардың сұрақтарына жауап береді. Эфир кестесі әлеуметтік желілерде алдын ала жарияланбақ.