$520.93 €609.07 ₽6.68
×

10 мыңнан астам оқушы есепке қойылды

11.07.2025ж. 20:00
79
10 мыңнан астам оқушы есепке қойылды

Қазақстанда девиантты мінез-құлқы бар, яғни тәртібі бұзылған 5 мыңнан астам жасөспірім құқық қорғау органдарының арнайы есебінде тұр. Ал 10 мыңнан астам оқушы тәртібіне байланысты мектепішілік бақылауға алынған. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті хабарлады. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар Ішкі істер министрлігінің академияларында жан-жақты талданып жатыр. Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар жолданады. Бұған қоса, есепке алынған балалар қосымша білім беру жобаларына проактивті түрде тартылуда.