$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Трамп досы үшін тұрып беріп, Бразилияға тариф енгізді

11.07.2025ж. 20:00
117
Трамп досы үшін тұрып беріп, Бразилияға тариф енгізді

Трамп өзінің досы үшін Бразилияға 50 пайыздық салық салмақ. Сот ісін тоқтатпасаңдар, бұдан да тарифті көбейтемін, - дейді АҚШ Президенті. Ал Калифорния штатында иммиграциялық офицерлер көше бойы гондурастық мигранттарды қуып келген. Зеленский болса, осы апта Украина үшін тек жақсы жаңалықтарға толы болғанын айтты. Айтуынша, АҚШ пен Кәрі Құрлық бірігіп, Әуе қорғанысы кешендерін толтырып берейін деп жатыр. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трам досы үшін соңына дейін тұрып береді. Тіпті, Бразилияда өндірілген тауарларға 50 пайыздық салық салмақ. Оқиғаның өрбуіне Бразилияның бұрынғы Президенті оңшыл – Жаир Болсонаруға қатысты сот себеп болған. Экс-Президент бүлік шығарды, ақша жымқырды деген фактілер бойынша істі болып отыр. Дегенмен, Трамптың тарифтеріне наразы бразилиялықтар ереуілге шығып жатыр.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазіргі Бразилия билігі, жалған айып тағып, кінәсіз жанды соттағанды жақсы көреді екен. Олай болса, АҚШ импорттайтын мыс үшін 50 пайыздық тариф енгіземін.

Калифорнияда Ұлттық Ұлан мен полиция мигранттарды көше бойлап қуалаған. Олар, гондурастық бірнеше заңсыз мигранттарды ұстаймыз, - деп бастары бәлеге қалды. Жол бойы өзге мигранттармен қақтығысып, арты атысқа ұласып кетті.

ХАВЬЕР ЭРНАНДЕС, ИММИГРАНТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Калифорниялық полицейлер адамның қорқынышқа толы көзін көргенді жақсы көреді. Олар адамды жайдан-жай қинайды. Бұның барлығы үш қайнаса да демократиямен сорпасы бірікпейді.

Украинаны қорғау және болашағын қамтамасыз ету бойынша саммит сәтті өтіп жатқан секілді. Президент – Владимир Зеленский Италиядағы жиында бірнеше қуанышты жаңалықпен бөлісті. Айтуынша, қарымта шабуылдың ауылы алыс болса да, қорғанысты бекемдеудің жолы табылды.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің одақтстарымыздың барлау қызметтері Ресей соғысты ұзартқысы келетінін айтуда. Ол үшін қорғанысты, әсіресе, әуе қорғанысын күшейтуіміз керек. Осыған орай, жақын арада тағы бірнеше «Пэтриот» кешендері мен оларға снаряд береміз, - деп одақтастарымыз қуантты.

Айта кетейік, бұл үшін АҚШ өзінің қорғаныс зауыттарында кешендерді шығару қарқынын арттырды. Артынша оны НАТО-ға беріп, ұйым оны бөліске салмақ.