«Дарын» сыйлығының иегерлеріне 1 млн теңгеден беріледі. Үміткерлердің құжатын қабылдау 26 маусымда басталған. Өтінімдер 27 тамызға дейін қабылданады. Мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлер екі кезеңнен тұратын іріктеу арқылы жан-жақты тексеріліп, бағаланады. Сондай-ақ «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау да басталды. Ол 18 тамызға дейін жалғасады. Грант иегерлері жыл соңында белгілі болып, 30 жас 3 млн теңгеге ие болмақ.
ҚАЙРАТ ҚАМБАРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:
Жастардың жаңа бастамалары мен идеяларын жергілікті атқарушы органдар «Тәуелсіз ұрпақтары» грантын жүзеге асыруда. 2025 жылы әкімдіктердің ақапараты бойынша жергілікті бюджеттен 277 өңірлік грант беру жоспарлануда. Бұл ретте әкімдіктер гранттың саны мен мөлшерін, сондай-ақ бағытын дербес бекітетінін атап өткен жөн.