Ақтөбеде қарулы қарақшылардың
жолы кесілді. Олар зергерлік бұйымдарды сатумен айналысқан ресейлік кәсіпкерлерге
шабуылдамақ болған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің
баспасөз қызметі хабарлады. Бетперде киген үшеу бір Қазақстан азаматы мен екі
ресейлікке қарулы шабуыл жасаған. Екінші қабаттағы үйге терезе арқылы еніп,
сейф толы бағалы заттарды беруді талап еткен.
Оқиға орнына криминалды полиция
қызметкерлері келіп жетеді. Алайда, олар сақшыларға қарулы қарсылық көрсеткен.
Оқ атылғанмен, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ал қарулы шабуыл
жасаған үшеу ұсталып, 9мм калибрлі оғы бар тапанша тәркіленді. Олар бұрын да
осындай әдеттері үшін сотталған болып шықты. Олардың ондаған миллион шығын
келген кемі 6 қылмыстық іске қатысы бар болып шықты.