АҚШ-тың Иллинойс штатының Огл округінде әуеде парашютшілер соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлады Astana TV.
Бұл туралы Oxu.Az жазды.
Шериф кеңсесінің мәліметінше, 40 жастағы ер адам Рошелл қаласындағы автотұрақтардың бірінен ауыр жарақатпен табылған. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Екінші парашютші Коритц Филд–Рошелл қалалық әуежайының аумағынан табылып, ауруханаға жатқызылды. Оның жарақаты ауыр емес деп бағалануда.
"Алдын ала тергеу қорытындысы бойынша, екі ер адам әуеде соқтығысқаннан кейін парашюттері істен шығып, олар қосалқы парашюттерін қолданған. Алайда соқтығыс салдарынан бағыты өзгеріп, жағдайды бақылауда ұстай алмай қалған", – деп мәлімдеді шериф кеңсесі.
Оқиғаға байланысты тергеуге федералдық билік те қосылды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263858-aqs-ta-parasiutsiler-auede-soqtygysyp-bireui-qaza-tapty