Қызылжарда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылып жатқан үйлердің пандустары тым биік. Құрылыс жұмыстарын саралауға шыққан «Нұр Отан» партиясының қарамағындағы арнайы комиссия мүшелері осындай шешімге келді. Тексеріс жұмыстары барысында партиялықтар 75 пәтерлі 3 көпқабатты баспаның жағдайын сынады. Алайда, су жаңа үйлерде мін жоқ деп айту қиын. Рейд жұмыстары барысында құрылыстың кей тұстары партиялықтардың көңілінен шықпады. Мәселен, бөлмелердің ішінде жылу радиаторлары бірнеше жерден орнатылған. Ал жуыну бөлмесі тым тар болып шыққан. Пандустардың да биіктігін өзгерту керек, дейді комиссия мүшелері.
Артур Молдағұлов, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:
Әзірге барлық жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр. Бірақ үйдің сапасына қатысты бірқатар сұрағымыз бар. Мысалы, үйдің кіреберісіндегі пандустар тым биік. Олар ел үкіметі бекіткен құрылыс нормаларына сәйкес келмейді. Бірақ жобадағыдай етіп жасалған. Біз болашақта жобалық-сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізуді талап етеміз.
Нысандардың құрылысы былтыр басталған. Бүгінде бюждеттен бөлінген қаражаттың 90 пайызы игеріліпті. Тұрғын үйлер жылдың аяғына дейін халық игілігіне тапсырылады, дейді шенеуніктер. Қазір "Нұрлы жер" мемлекеттік жобасы аясында 11 үй бой көтеріп жатыр.
Серік Сабыралин, Петропавл қалалық әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы:
11
үйдің жетеуі несие арқылы берілмек. Ал қалғаны жалдамалы-коммуналдық үйлер.
Жалпы ауданы 83 мың шаршы метр болмақ. Нәтижесінде жылдың аяғына дейін
Қызылжардағы мыңнан астам отбасы жаңа баспанамен қамтылмақ.