Абай облысының 32 жастағы тұрғыны алаяқтыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Astana TV.
Ол азаматтарға жеңіл жолмен ірі көлемде несие рәсімдеуге, сондай-ақ, зейнетақы жинағын алуға көмектесемін деп уәде берген.
"Алайда бұл қызметі үшін азын-аулақ сыйақы талап етіп отырған. Тергеу барысында полицейлер 9 түрлі эпизодты біріктіріп, бір ғана қылмыстық іс қозғады. Келтірілген шығын көлемі шамамен 12 миллион теңгеге жетті. Күдікті азаматтардың сенімін пайдаланған. Көпшіліктің қаржысын иемденген әйел артынша байланысын үзіп отырған. Күдікті қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция азаматтарды заңсыз әрекеттерден сақ болуға шақырды.