$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оңтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер 7 миллион теңге парамен ұсталды

AstanaTV
24.07.2017ж. 20:00
4438
Оңтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер 7 миллион теңге парамен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер 7 миллион теңге пара алу кезінде ұсталды. Олар облыстық ревизиялық комиссия төрағасы Сырым Шалабай мен бас аудитор Құдияров. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы таратты.  Олар тексеру актісін жағымды етіп көрсеткен.

Оң акт үшін пара алып жатқан кезде айғақ заттармен қолға түскен. Оларды ұстау шарасын облыстық департамент мамандары жүргізген. Оңтүстік Қазақстан облысының ревизиялық комиссия төрағасы Сырым Шалабай уақытша ұстау абақтысына жабылды. Ал бас аудитор айыбын мойындап, қылмысты ашуға көмектесетінін айтқандықтан, қамауға алынбаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, ревизиялық комиссия - мемлекеттік орган. Ведомство жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Ал Сырым Шалабай бұл қызметке өткен жылдың қыркүйегінде ғана тағайындалыпты.