×

Балалар лифтіде қамалып қалды

AstanaTV
12.07.2025ж. 15:32
101
Балалар лифтіде қамалып қалды

ТЖМ құтқарушылары лифт ішінде қалып қойған балаларға көмекке келді.

Қостанай облысы Рудный қаласында лифт ішінде 2012 және 2016 жылы туған балалар құлыпталып қалған. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары келді.

Аспалы құралдардың көмегімен құтқарушылар лифт есігін ашып, балаларды құтқарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:

өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;

 диспетчерге хабарласыңыз;

барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;

лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;

 барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.