Павлодар облысында республикалық маңызы бар “Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы” автожолының 1381 шақырымындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстары басталды.
Жаңа көпір 4 жолақты болып, әр бағытта 2 жолақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болады. Нысанның жалпы ұзындығы 691 метр құрайды.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 200 жұмысшы мен 57 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Көпір заманауи технологиялар бойынша салынуда.