×

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын талқылады

AstanaTV
12.07.2025ж. 18:44
92
Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын талқылады

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға барды. Сапар аясында Ауғанстан Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Абдул Ғани Барадармен кездесу өтті. Тараптар сауда-экономикалық, транзиттік және аграрлық салалардағы, сондай-ақ геобарлау және цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық келешегін қарастырды.