×

Қарағандыда жұмысшы мамандықтардың болашағы талқыланды

AstanaTV
12.07.2025ж. 20:25
94
Қарағандыда жұмысшы мамандықтардың болашағы талқыланды

Қарағанды қаласындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен «JastarX» диалог алаңы өтті. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар болашағы: тенденциялар мен перспективалар» тақырыбында ұйымдастырылды.

Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылына орай, қоғамдағы техникалық және өндірістік сала мамандарының беделін арттыруға, жастар арасында еңбекке құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Кездесуге колледждер мен кәсіби лицейлердің өкілдері, аймақтық жастар ресурстық орталықтары, сарапшылар мен белсенді жастар қатысты.

Диалог алаңы аясында сарапшылар, жұмыс берушілер және жастар арасында еңбек нарығындағы жаңа трендтер, кәсіби білімнің маңызы мен болашақта сұранысқа ие бағыттар талқыланды.

Сонымен қатар жиында әр сала мамандары жұмысшы мамандықтың маңызын, жастардың өндірістік ортадағы рөлі және болашақ кәсіби бағдар туралы өз тәжірибелерін бөлісті.

Іс-шара барысында еңбекке баулу, жұмысшы мамандықтарға қызығушылықты арттыру және табысты кейстерді көрсету сынды маңызды тақырыптар көтерілді.