$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ұлттық шұғыл медицина орталығы: ашылғаннан бері клиникада 3 мыңға жуық пациент емделді

AstanaTV
12.07.2025ж. 23:40
168
Ұлттық шұғыл медицина орталығы: ашылғаннан бері клиникада 3 мыңға жуық пациент емделді

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) ашылуы Қазақстанда шұғыл медициналық көмек көрсетуді кластерлік үлгі бойынша жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Кезек күттірмейтін және шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесінде бірегей көпбейінді аурухана, жаңа борттары бар медициналық авиация, бүкіл ел бойынша жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру орналасқан.