$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Букреев шыңында құтқару операциясы: құтқарушылар балаға көмек көрсетті

AstanaTV
13.07.2025ж. 12:14
161
Букреев шыңында құтқару операциясы: құтқарушылар балаға көмек көрсетті

Түнде Букреев шыңына (3010 м) шыққан туристер тобының ішінде үш бала болғаны және солардың бірі өзін жайсыз сезініп, жедел эвакуация қажет екені туралы ақпарат түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шұғыл түрде жолға шықты. Қиын әрі қолжетімсіз Бутаков шатқалы арқылы өтіп, құтқарушылар жаяу жүріп, алдын ала берілген координаттар бойынша жоғары көтерілді.

Туристер маршрут бойынан табылды. Бала ұйықтап жатқан, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Құтқарушылар оны топтағы ересек адамның ілесуімен төмен түсіре бастады.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушыларының жедел әрі кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде бала сәтті эвакуацияланып, таудың етегіне жеткізілді.