$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады

AstanaTV
13.07.2025ж. 15:21
126
Найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады
Фото: ашық дереккөз

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Astana TV.

Қазгидромет мәліметіне сәйкес, еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашын жаумайды.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында 35-39 градус, Қызылорда облысында 40 градус, Маңғыстау облысында  38-40 градус қатты ыстық болады.

Астанада күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +21+23°C, түнде желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +30+32°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +36+38°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.