$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Үш әйелім жоқ деді»: Баян Алагөзова жол азабын айтып шағымданды

AstanaTV
13.07.2025ж. 17:00
115
«Үш әйелім жоқ деді»: Баян Алагөзова жол азабын айтып шағымданды
Фото: видеодан скриншот

 

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Екібастұзға сапар кезінде жол бойындағы жағдайға қатысты өз ойын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

 

Баян Алагөзова Instagram желісінде бірнеше сториз жариялап, Екібастұз қаласына сапар шегіп бара жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, күйеуі продюсердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін бар жағдайды жасаған:

  • Күзетшілермен бірге жіберген
  • Қосымша бір көлік пен қажетті тағамдармен қамтамасыз еткен.

«Үш әйелім жоқ, бір ғана әйелім бар – соған жақсы жағдай жасайтынын айтты», – деп бөлісті продюсер.

Продюсер сапар барысында жол сапасына оң баға бергенімен, жол бойындағы санитарлық жағдайға көңілі толмағанын ашық айтты.

  • Жолдың тегіс әрі ыңғайлы екенін атап өтті
  • Бірақ дәретхананың болмауы – үлкен мәселе екенін айтты

«Үш сағат бойы келе жатырмыз. Жол жақсы. Бірақ бір де бір дәретхана жоқ!», – деді ол Instagram желісінде.