$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Астанада бірқатар көшелер жабылады

AstanaTV
14.07.2025ж. 07:49
149
Астанада бірқатар көшелер жабылады
Фото: gov.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жол айрығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Astana TV.

Осыған байланысты 13-16 шілде аралығында Сығанақ көшесі бағытындағы Мәңгілік Ел даңғылынан оң жақ съезі және Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына оң жақ съезі толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.