$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

AstanaTV
14.07.2025ж. 10:01
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Astana TV.

Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.