$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

AstanaTV
14.07.2025ж. 10:56
116
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: ашық дереккөзден алынды

Мамандардың айтуынша, бұл жағдай бірқатар ауа райы факторымен байланысты, деп хабарлайды Astana TV.

Кей метеожағдайларда зиянды қоспалар жерге жақын қабатта жиналып, таралмай қалады. Мұндай жағдайда ауа сапасы айтарлықтай нашарлайды.

2025 жылғы 14 шілде күні келесі қалаларда қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) тіркелуі мүмкін:

  • Қарағанды;
  • Теміртау;
  • Орал;
  • Ақтөбе;
  • Алматы.

Мамандар ауа ластануы күшейген күндері мыналарды кеңес етеді:

  • далада ұзақ жүрмеу;
  • терезені мүмкіндігінше аз ашу;
  • маска тағу (әсіресе тыныс жолдары ауруы барлар үшін);
  • балалар мен қарттарды далаға шығармау.