$524.24 €612.94 ₽6.68
×

10 мыңнан аса талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжат тапсырды

AstanaTV
14.07.2025ж. 11:34
122
10 мыңнан аса талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжат тапсырды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

13 шілдеде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, деп хабарлайды Astana TV.

— Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, биыл құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.

Атап өтсек, грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3×4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.