$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Ұлыбританияда Саутенд әуежайынан ұшып шыққан шағын ұшақ апатқа ұшырады

AstanaTV
14.07.2025ж. 12:08
112
Ұлыбританияда Саутенд әуежайынан ұшып шыққан шағын ұшақ апатқа ұшырады
Фото: скриншот

Ұлыбританияның оңтүстік-шығысындағы Саутенд әуежайынан ұшып шыққаннан кейін Beech B200 Super King Air ұшағы апатқа ұшырап, өртенді. Бұл туралы The Independent басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу жетті. Әуе кемесінің бортында қанша адамның болғаны әзірге белгісіз. Ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталып жатыр.

Апаттың басқа да егжей-тегжейі нақтылануда.

Еске салайық, бұған дейін 30 маусымда АҚШ-тың Огайо штатында Cessna 441 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырап, алты адам қаза тапқан болатын.