ТЖМ қызметкерлері 15 адамды эвакуациялап, газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Astana TV.
Талдықорған қаласының 6 - шағын ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында балконда өрт шықты.
Өрт сөндірушілердің күшімен жарылыстың алдын алу үшін жанып жатқан балконнан газ баллон шығарылды. Үйден 15 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді.