$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

AstanaTV
14.07.2025ж. 15:57
87
Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды
Фото: скриншот

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында Shacman жүк көлігі мен ВАЗ-2110 жеңіл автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Astana TV.

Әлеуметтік желілерде апат орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Кадрлардан өртеніп жатқан екі көлікті көруге болады.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы, оның ішінде 2023 жылы туған сәби оқиға орнында қаза тапқан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жолдағы барлық қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, аса мұқият болуға және өз өмірі мен айналадағылардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырды.