$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Найзағай үйдің шатырына түсіп, өрт шықты

AstanaTV
14.07.2025ж. 21:10
109
Найзағай үйдің шатырына түсіп, өрт шықты
Фото: видеодан скриншот

Атырау қаласында жеке тұрғын үйге найзағай түсіп, салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға Химпоселок шағын ауданында болған. Әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері түсірген бейнежазба тарады. Кадрлардан үйден қою түтін шығып жатқанын көруге болады.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру қызметі қызыл жалынды тез арада оқшаулап, толығымен сөндірді.

Алдын ала мәлімет бойынша, найзағай тікелей үйдің шатырына түскен, соның салдарынан өрт шыққан.