$524.24 €612.94 ₽6.68
×

«Есік көргенді емес, бесік көргенді ал»: Айгүл Қосанова өзінен біраз жас үлкен күйеуі жайлы айтты

AstanaTV
14.07.2025ж. 17:50
73
«Есік көргенді емес, бесік көргенді ал»: Айгүл Қосанова өзінен біраз жас үлкен күйеуі жайлы айтты
Фото: видеодан скриншот

Дәстүрлі әнші, домбырашы, профессор, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Қосанова балалық шағы, алғашқы ұстаздық қадамы, өнер жолы мен отбасылық өмірінің ең шынайы сәттері туралы сыр шертті, – деп хабарлайды sportinside.kz.

Оған подкаст жүргізушісі Айнұр Ілиясова:

"Сіз жаңа жолдасымның жасы менен үлкендеу деп айттыңыз. Жас айырмашылығы – 14 жас. Бұл құпия емес шығар. Оның үстіне, жолдасыңыздың осының алдында отбасы болған екен, екі баласы бар екен. Сіз 25-тесіз, ол кісі 39-да, бұрынғы отбасы бар. Осы нәрселер сізге қиын болмады ма?", – деді.

Бұған:

"Әрине, өзінің қиындығы болды. Бәрі керемет деп айтуға болмайды. Қазақтың "тең-теңімен, тезек қабымен" деген керемет сөзі бар ғой. Осы мәселені анам көп айтқан. "Есік көргенді емес, бесік көргенді ал" деген сөз бар. Бұл менің тағдырым шығар деп қабылдаймын. Қазір әріптестерім: "Бұрын оқып жүрген кезде, Айгүл, сен бізге қарамайтынсың. Саған жақындау мүмкін болмады", – дейтін. Олар өздері кішкене қорқақтық танытқан шығар. Осы тұрғыдан менің жолдасым пысықтау болды. Осы бағытта өзіне мақсат қойып, жұмыс істеген шығар деп ойлаймын", – деп жауап берді Айгүл Қосанова.