$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Көкшетауда көлік полицейлері есірткі курьерін ұстады

AstanaTV
14.07.2025ж. 17:22
109
Көкшетауда көлік полицейлері есірткі курьерін ұстады
Фото: gov.kz

Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткіні заңсыз сатуға қатысы бар 24 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Astana TV.

Оның мессенджер арқылы ұсынысқа келісіп, қала аумағында психотроптық заттарды жасырып кету әдісімен тарату арқылы табыс табуды көздегені анықталды.

Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде заңсыз әрекет уақытылы анықталып, жолы кесілді. Күдіктіні ұстау барысында одан бөлшектеліп оралған ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот қаскүнемді 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.