Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаева 3,5 млрд теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген. Бүгін Астанада көпшіліктің назарына іліккен қылмыстық іс бойынша негізгі сот процесі өтті. Анасы мен қызы алдымен «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін құрады. Айыптау бойынша, ол құрылтайшылардың қолтаңбаларын қолдан жасап, банк шоттарын өзінің және анасының атына рәсімдеген. Сөйтіп балалар мен зардап шеккендерге көмек көрсету сылтауымен қаражат жинап бастайды. Артынша елде су тасқыны болып, тұрғындардан 2 млдр теңгеден аса қаржы жинайды. Бірақ оның тек 920 миллионын мұқтаждарға аударған. Палистинаға көмек үшін аударылған ақша да осылай өз мүддесіне жаратылған. Халық берген 566 миллионның 7 миллионы ғана нақты мақсатқа жұмсалыпты. Айыпталушы қалған қаражаттың бәрін қымбат әшекей, үй, көлік сатып алып, саяхаттаған. Одан артылғанына тісін емдетіп, бизнес ашады. Бірақ Перизат Қайраттың өзі айыппен келіспейді. Өзіне тағылған күдіктің ешқайсысын мойындамады. Бұл жай ғана тергеушінің қиялы деп баға берген.