«Мені Құдайдың өзі қорғайды». Трамп тура бір жыл бұрын өзіне жасалған қастандық туралы пікір білдірді. Оның үстіне, Федералды Тергеу Бюросының тергеу қорытындысына да көңілі толатынын жеткізді. АҚШ Президентінің айтуынша, бірнеше оққағар, атап айтқанда Құпия Қызмет мамандарының бейқамдығының кесірінен, қаскөй емін-еркін оқ атып үлгерді. Естеріңізге сала кетсек, Пенсильвания штаты Батлер қаласындағы Трамптың сайлауалды митингінде тура көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрғанда, құлағына оқ тиіп, жарақат алған еді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мені Құдайдың өзі қорғайды. Оған ешкімнің күмәні болмасын. Сол күні де, Құдай қағып аман қалдым. Маған күні кеше Федералды Тергеу Бюросының бастығы тергеу қорытындыларын алып келді. Олар өз жұмыстарын жақсы атқарды. Бірақ, мен әлдебір бейбақтың әрекеттеріне алаңдамаймын. Себебі, жұмысым көп. Мен әлемдегі ең мықты адам болған сорң, мені өлтіргісі келетіндер бар, әрине. Бірақ, қайсібіріне басымды ауыртамын? Менің Америка Құрама Штаттары үшін бірде-бір минут дамылдамай жұмыс істеуім керек.
Трамп, Украина қорғанысына көңіл бөле бастады. АҚШ Президенті НАТО басшысы – Марк Рюттемен кездесіп, қорғаныс бюджетін мақұлдады. Оған сәйкес, енді бүкіл Кәрі Құрлықтың қарулы күштері реформаған ұшырайды. Бастысы, қазір қолда бар әрі жарамды Әуе Қорғанысы кешендері Украинаға жөнелтіледі. Трамп небәрі 2 апта ішінде Путиннен көңілі қалғанын тағы қайталады. Ең бастысы – бейбіт тұрғындардың өлімін тоқтату керек, - дейді АҚШ Президенті.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз ортақ қорғанысқа 350 млрд доллар бөліп отырмыз. Бүкіл еуропа 100 млрд қосады. Бірақ, Кәрі құрлықтың қорғанысы болғандықтан, олар көбірек қосу керек. Оны қоя беріңізші, Еуропа қарымтасын түбі қайтарады. Қазір, менің басым Путинмен ауырып отыр. Ол әдемі сөйлеп, айтқанына сендіріп жібереді. Бірақ, сол кеште зымыран жіберіп, адам өлтіреді. Ақылға сыймайды. Ол кімді жынды қылғысы келеді? Біз оның қалауынша алдана береміз деп ойлағаны ма? Сондықтан, мен Украинаға қолда бар Пэтриот кешендерін жіберуге бұйрық бердім.
Саясатпен басы қатып жүрген Трамп, футболға да уақыт тапты. Тұңғыш рет жаңаша форматта өтіп жатқан клубтық Әлем Чемпионатының финалына қатысқан АҚШ Президенті көпшіліктің көзайымына айналды. Алайда, кейбір жанкүйерлер оны ысқырықтың астына алып, наразылығын да білдірді. Оған қарайтын Президент жоқ. Ойын соңында жеңгенді де, жеңілгенді де құттықтаған Трамп, Челси ойыншыларының ортасында құшақтасып, тойлап кетті. Жалпы, турнир туралы ойымен бөліскен Ақ үй басшысы осындай деңгейді турнирді өткізуіміз – ұлылығымыздың белгісі, - деген ойын да білдірді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен керемет уақыт өткіздім. Әлем футболының жарқын жұлдыздары АҚШ төрінде тамаша ойын көрсетті. Футбол деген өте керемет спорт. Менің Президенттік мерзімімде осы спорттың дамуына өзім ықпалдасамын. Тура осындай Еуропалық деңгейде футболды дамыта алатынымызға сенімдімін. Келесі жылы біз Әлем чемпионатын қабылдаймыз. Сондықтан, бұл тамаша дайындық болды деп санаймын.
Нью-Джерсидегі Челси мен Пари Сен-Жермен кездесуі өткен Метлайф стадионы келесі жылғы Ұлттық Құрамалар арасындағы әлем чемпионатының финалын да қабылдайды деп жоспарланула. Айта кетейік, ПСЖ қағаз жүзінде айқын фаворит болғанымен, бірінші таймда-ақ, Лондондық команда жауапсыз 3 гол соқты. Ақсүйектер сапында Кол Палмер дубль авторы атанса, Жоау Педро бір рет Доннарума қорғаған қақпаның кілтін тапты.