$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы 66 млн қаралым жинады

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы 66 млн қаралым жинады

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы 1 жарым жылда 66 млн-нан аса қаралым жинаған. Төрт мыңға жуық мемлекеттік органның сайтын біріктіретін құрылымда 50 қызмет түрі бар. Платформадағы «Өмірлік жағдайлар» блогы тұрғындарға құжат дайындаудан бастап барлық қажетті қызметтерді алуға жол сілтейді. Жалпы мұнда 169 тақырыпты қамтитын ақпарат бар. Жыл соңына бұл бөлімді барлық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына кіріктіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ платформаның функционалын кеңейту, контентті автоматты түрде мониторингтеу жүйесін енгізу, мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің сұранысы бойынша жаңа модульдер әзірлеу жоспарлануда.

РОСТИСЛАВ КОНЯШКИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біз сайттың бүкіл құрылымын толықтай жаңарттық. Қазір платформаны қолдану ыңғайлырақ. Ондағы барлық мемлекеттік мекемелердің сайттардың дизайны жаңартылды. Тақырып құрылымы мен навигация логикасы түзетілді. Басқару элементтері мен мультимедиялық контентке мәтіндік сипаттамалар қосылды. Ең бастысы - платформа қазір көзі нашар көретіндер үшін қолжетімді.