$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Қызылжарда тасқыннан зардап шеккен шағын аудандарда 74 саябақ бой көтерді

14.07.2025ж. 19:30
132
Қызылжарда тасқыннан зардап шеккен шағын аудандарда 74 саябақ бой көтерді

Қызылжарда тасқыннан зардап шеккен шағын аудандарда 74 саябақ бой көтерді. Екі жарым мыңнан астам  түтіні болған Ойқала ауданы мен Былғары зауыт кенті былтыр алапат су тасқыны кезінде бүтіндей суға кетіп, үйлердің жетпіз пайызы жарамсыз болып қалған. Жергілікті билік баспаларды сырып тастап, бос орынға саябақ тұрғызды. Демалыс орындары жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен салынды. Оның елуін аудандық кәсіпкерлер істесе, қалғанының құрылысын Петропавлдың бизнес өкілдері қолға алды. Тынығу орындарын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ресми түрде ашты.

ОЛЬГА ПОПОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Ойқала шағын ауданы соңғы бір жылда көркейіп шыға келді. Жұмыс сапалы атқарылған. Билік өкілдерінің жақсы қолдап жатқаны көңілге медеу ұялатады. Әсересе, балалардың алаңқайда жүгіріп, күліп жүргендерін көріп қуанамыз.

Саябақта тек жасыл желектер ғана отырғызылмай, сондай-ақ балалар алаңқайы мен спорт алаңдары орнатылды. Тұрғындар жаңа демалыс орындарының іздегенге сұраған болғанын айтады.

АННА БУГРЕМЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ойқалада бұрын-соңды тынығу орындары болмаған. Ал қазір бұл жерде құрылыс қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Жолдар төселіп, айнала гүлдер отырғызылған. Кешке серуендеу үшін барлық жағдай жасалған. Балалардың спортын да біраз көңіл бөлінген.

Игі жобаның жүзеге асуына “Қазақстан халқына” қоры да қолдау білдірді. Оның қаражатына шағын футболға арналған екі ірі кешен бой көтеруде.