$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Астанада ТМД елдерінің ІІМ елордалық бөліністері басшыларының V кеңесі өтті

AstanaTV
15.07.2025ж. 12:30
129
Астанада ТМД елдерінің ІІМ елордалық бөліністері басшыларының V кеңесі өтті

Астана қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер органдарының елордалық бөліністері басшыларының V кеңесі өтті.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов шетелдік қонақтармен кездесті. Министр қоғамдық тәртіпті сақтауда халықаралық ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті. Кеңес Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың төрағалығымен өтті. Халықаралық алаңда Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ Ұйымдасқан қылмыс пен өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының директоры Олег Коновалов жиналды. Кеңес барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, мегаполистерде қылмыспен күрестегі заманауи сын-қатерлер талқыланды. Қатысушылар баяндама жасап, трансұлттық қылмысқа, киберқылмыстарға, есірткі айналымына қарсы іс-қимыл және бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарында тәжірибелерімен бөлісті. Талқылау қорытындысы бойынша ынтымақтастықты нығайтуға қатысты нақты ұсыныстар әзірленді.