$526.5 €611.64 ₽6.72
×

«Асар-Уме» қорының Перизат Қайратпен қандай байланысы бар?

15.07.2025ж. 19:30
102
«Асар-Уме» қорының Перизат Қайратпен қандай байланысы бар?

«Асар-Уме» қайырымдылық қоры Перизат Қайраттың алаяқтық іс-әрекеттерінің құрбанына айналды. 2023 жылдың қараша айында «Асар-Уме» «Біз біргеміз» қорына Газа секторының тұрғындарына көмек ретінде 200 млн теңге аударған. Алайда бұл қаражат сол күйі діттеген жеріне жетпепті. Ал Перизат Қайрат болса есеп беруді әуелі кешіктіріп, кейін жалған түбіртектерді көрсетумен құтылған. Бүгін "Асар-Уме" қорының президенті Асхат Нұрмашев сотқа жәбірленуші ретінде қатысты. Ол желге ұшқан ақшаны қайтарып алуға ниетті.

АСХАТ НҰРМАШЕВ, «АСАР-УМЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екі жыл бұрын біздің халықаралық деңгейде қаражат жинап, көмек көрсететіндей тәжірибеміз болған жоқ. Сондықтан халықтан жиналған қаражатты Газа секторына жеткізіп, гуманитарлық көмекті ұйымдастырып беретін серіктес қажет болды. «Біз біргеміз» фондымен келісімшартқа отырдық. Алдын ала бір ай бойы оларды зерттедік. Перизат Қайраттың Палестинаның Қазақстандағы елшілігімен меморандумға отырғанын білгендіктен, сенім арттық. Мұндай әрекетке барады деп ойламадық. Бұл біз үшін күтпеген жағдай.