$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Балағат сөз айтқан әйел 1 миллион теңге төлейтін болды

15.07.2025ж. 19:30
147
Балағат сөз айтқан әйел 1 миллион теңге төлейтін болды

Балағаттаймын деп басы бәлеге қалды. Әлеуметтік желіде аузына келгенін айтқан атыраулық әйел 1 миллион теңге төлейтін болды. Атырау қалалық  білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова  өзін  бейтаныс адамның   Фейзбук әлеуметтік желісі арқылы  негізсіз айыптағанына шыдамаған.  Одан бөлек жауапты мамандар мен ата –аналар  отыратын ватсап чатта жеке басымды қорлаған бірнеше аудиохабарлама жіберді ,- дейді. Айтуынша, жалаға толы жазбалар бір жыл бойы қыр соңынан қалмаған.  Бас мұғалім амалсыз несие алып, адвокат қызметіне жүгініп, сотқа берген.

АЙНАГҮЛ ДҮЙСЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Менің қадір-қасиетімді қорлайтын, ар-намысыма нұқсан келетін сөздерді айтқан болатын. Сотта экспертиза тағайындалып, экспертизаның қорытындысымен шынымен нұқсан келтіргені дәлелін тапты. Бірнеше мәрте пост жариялады, хайуанға теңестірді, боқауыз бейәдет сөздер айту арқылы енді мен оның бәрін айтып отыратын болсам қазір өте көп мәселе. Экспертиза қорлау фактісі деп тауып сол кісіні кінәлі деп соттың үкімімен ол кісі кінәлі болып табылды.

Сот Атырау қаласының 37 жастағы тұрғынына  моралдық-материалдық шығынды өтеумен бірге, әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрауды міндеттеді.  Азаматша аппеляциялық шағым түсірген. Бірақ  өзгеріссіз қалды.  Ал мемлекеттің қаржысын жымқырды деген айыпқа қатысты құзырлы  мамандар бірнеше тексеріс жүргізіп, еш негіз тапқан жоқ,- дейді Айнагүл Дүйсекенова.