$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Жаңа пәтерлердің құны бір жылда 10 процентке өсті

Жаңа пәтерлердің құны бір жылда 10 процентке өсті

Елімізде тұрғын үй нарығындағы баға тағы да өсті. Жаңа пәтерлердің құны бір жылда 10 процентке, екінші деңгейлі баспаналар 7 процентке, ал жалға беру құны 9 процентке қымбаттаған. Мамырда байқалған бағаның төмендеуі маусымда жалғасқан жоқ. Баға ең көп өскен өңір – Павлодар. Мұнда жаңа тұрғын үйлер 29 пайызға қымбаттады. Алматы мен Шымкент те алғашқы үштікке енген. Екінші нарықта Ақтөбе көш бастап тұр – 18 процент өсім. Орташа баға бойынша ең қымбат пәтерлер Алматыда – жаңа үйлердің шаршы метрі 647 мың теңгеден асады. Астанада – шамамен 594 мың. Ең арзан баспана – Оралда. Ал жалға беру нарығында ең қымбат қала – тағы да Алматы. Бір шаршы метр – 5275 теңге. Астанада – 4966, ал ең қолжетімді жалдау – Таразда: шаршы метріне небәрі 2265 теңге.