$526.5 €611.64 ₽6.72
×

«100 кітап»: Таразда зиялы қауім өкілдері мен жастар бас қосты

AstanaTV
15.07.2025ж. 19:30
183
«100 кітап»: Таразда зиялы қауім өкілдері мен жастар бас қосты

Таразда «100 кітап» ұлттық сауалнамасы аясында зиялы қауым өкілдері мен жастар бас қосты. Олар сауалнама аясында ұсынылған кітаптардың мазмұны, көркемдік ерекшелігі мен бүгінгі ұрпаққа берер тағылымы жайлы ой бөлісті. Кітап – ой мен сананың тұнығы. Әсіресе, көркем әдебиет адамның жан дүниесін тәрбиелеп, рухани байытуға әсер етеді. Бұл – тек бір реттік акция емес, ұлттық сана мен білімге бағытталған тұрақты бағдарламаға айналуы тиіс, дейді ұйымдастырушылар. Ұлттық сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз – Абай күнінде жарияланады. 

ХАМИТ ЕСАМАН, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Қазіргі таңда ұлттық сауалнамаға дауыс беру жұмыстары жүргізілуде оның бір жақсы тиімді жағы, жалпы қоғамдық азаматтарды кітап оқуға баулу. Қазір көп жастар біреудің жеке өмірінің соңынан жеке басына қатысты дүниелерге қызығушылық танытып кетіп жатқан заманда ол кітап оқу кітаптың құндылығы деген дүниелерді бойға сіңіруіміз керек сондай-ақ кітаптағы әдеби кейіпкерлер тарихи тұлғалар бұның барлығы бізге үлгі өнеге болу керек.