Қызылордада жазғы уақытта адамдар тынығатын демалыс орындарына да тазалық жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері Қамбаш көлінің жағалауынан 60 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Туристер мен аймақ тұрғындары жиі келетін орында тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Бұл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сырдария ауданынының тұрғындары да бастамаға үлес қосты. Тереңөзек кентіндегі Орталық және Тағзым алаңдарын көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Мұндағы мақсат елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартып, тұрпғындардың тазалық мәдениетін қалыптастыру дейді ұйымдастырушылар.
РОЛЛАН ЕСПЕНБЕТОВ, СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жасалған жұмыстардың нәтижесінде 3913 қоқыс шығарылып, ауданды көгалдандыру және жасыл желектерді сақтау мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. 17400 түп ағаш отырғызылды. 27800 түп гүл отырғызылды. Сонымен қатар 70 км жуық каналдар мен ағаштар тазартылды.