$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Алматыда газ құбыры жарылысынан екі адам зардап шеккен

AstanaTV
16.07.2025ж. 15:37
129
Алматыда газ құбыры жарылысынан екі адам зардап шеккен
Фото: t.me/almatynews

Алматыда жерасты газ құбыры жарылып, жеңіл көлікте отырған екі адам зардап шекті. Олар орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

- Барлық қажетті тексерулерден кейін оларға жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. Науқастардың жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. Тексеруден кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі, — деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.