$526.5 €611.64 ₽6.72
×

«Ауыл аманаты» жобасы БҚО-да жаңа кәсіп түрін дамытуға жол ашты

AstanaTV
16.07.2025ж. 19:28
77
«Ауыл аманаты» жобасы БҚО-да жаңа кәсіп түрін дамытуға жол ашты

«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына жаңа кәсіп көзін ашуға мүмкіндік беріп отыр. Соның айқын дәлелі – Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Барбастау ауылы маңында бастау алған балық өсіру шаруашылығы.
  Жоба аясында жергілікті кәсіпкер Берік Пушкин Теректі ауданына қарасты Барбастау ауылының маңында форель және карп балықтарын өсіруге бағытталған жобаны қолға алып, «Barbastau River» ауыл шаруашылығы кооперативін құрды. 2024 жылы ол 18 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, бүгінде алғашқы ай сайынғы төлемдерін уақытылы өтеп келеді.
  Берік Пушкин форель және карп балықтарын өсіру бағытында «Barbastau River» ауыл шаруашылығы өнімдері кооперативін құрды. 2024 жылы кәсіпкер 18 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, бүгінде алғашқы ай сайынғы төлемдерін тұрақты төлеп отыр.
 

«Кәсіп түрлерінің ішінен балық шаруашылығын таңдаған себебіміз – бұл өнімге тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары, алайда балық көбіне алыс өңірлерден жеткізіледі. Сондықтан өз өңірімізді және жақын облыстарды форель мен карп балықтарымен тұрақты түрде қамтамасыз етуді мақсат етіп, осы іске кірістік. Қазіргі таңда өткен жылдан бері жасаған еңбегіміздің алғашқы нәтижесін көріп отырмыз. Жоба аясында лизинг арқылы қажетті техникалар да алдық. Соның арқасында әр балық түріне арналған, өзіне қолайлы температурасы сақталатын арнайы бассейндерді қазып, дайындап жатырмыз. Сонымен қатар Қытайдан біздің кооператив атауымен дайындалған балық шабақтарын әкеліп, жергілікті су қоймаларында өсіруді жоспарлап отырмыз», – деді Берік Пушкин.

Кәсіпкерлік бағытты жетік меңгеру мақсатында Берік Пушкин Қытай мен Корея елдерінде ұйымдастырылған заманауи аграрлық көрмелерге қатысқан. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде өнімдерін ұсынып, бүгінде жергілікті мейрамханалар мен дүкендерден тұрақты тапсырыстар қабылдап отыр.
Бұл бастама ауыл экономикасын дамытуға тың серпін беріп, жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.