"Нұрлы
жол" бағдарламасы бойынша жарты жылдық қорытынды бөлінген қаржының
игерілмей қалу қаупі барын көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
Бағдарлама шеңберінде білім беру мекемелерінің құрылысы кешігіп жатыр.
Осылай
деген Ұлттық экономика министрі Премьерден әкімдерді асықтыруды сұрады. 109
нысанды салу үшін қазынадан 71,1 млрд теңге бөлінген. Биыл 70 мектеп пен
бала-бақша қолданысқа берілуі керек. Әзірге тек 5-ақ нысан бой көтерген. Ол
жалпы құрылыс көлемінің 8-ақ пайызын құрайды.
Тимур
Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
В
связи с этим, на наш взгляд, необходимо местным исполнительным органам взять на
контроль и обеспечить введение в эксплуатацию всех 70 запланированных объектов.
Биыл
"Нұрлы жол" аясында 602 мың жол салынады және 4,400 шақырым
жөнделеді. Осы мақсатта 484,2 млрд теңге бөлінген. Ұлттық қордан 319,9 млрд республикалық бюджеттен 144,5 млрд бөлінген. Және сырттан 19,8 млрд қарыз
тартылды. Ал 22 негізгі республикалық маңызы бар автожол жобаларын іске асыруға
259,8 млрд теңге көзделген. 1 шілдеге дейін оның 51,5 млрд теңгесі игерілді.
Ал ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін 2021 жылға дейін 79 жаңа
кәсіпорын салынады. Асқар Мырхахметов төрт жылдан соң сүт импорты 21 пайызға,
май 20 пайызға, ірімшік 13 пайызға азайады дейді. 9 бағыт бойынша қайта
өңдеумен айналысатын кәспорындар іріктелген. Сүт өңдейтін зауыттар Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақтан
мен Ақтөбе облыстарында, ет комбинаттары Алматы облысында салынады. Елде
бидайды терең өңдейтін үш-ақ кәсіпорын бар. Олардың қазіргі қуатты 120 мың
тонанны құрайды. Министр 4 жылдан соң ол 1 млн тоннаға жетеді деп
сендірді.
Асқар
Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің бірінші
орынбасары:
Таким
образом, по нашим подсчетам, с учетом минимизации всех расходов, общая
потребность в господдержке на реализацию Карты за 4 года составит 112,1 млрд
тенге.