$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Астанада қымыз фестивалі өтеді

AstanaTV
16.07.2025ж. 21:45
97
Астанада қымыз фестивалі өтеді

Астанадағы «Қазанат» ипподромында 19-20 шілде күндері алғаш рет ұлттық тағамдар гастрофистивалі өтеді. Қала әкімдігінің ақпаратынша, «Бие сүті мен қымыз – көшпенділердің денсаулығы мен ұзақ ғұмырының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік гастроэнтерологиялық конференция да ұйымдастырылады. 

Фестиваль мен конференция қымыз бен бие сүтін емдік, мәдени және экспорттық тұрғыда дәріптеуге бағытталған маңызды бастама болмақ. Бұл – ұлттық тағам мұрамызды ғылыммен ұштастыру арқылы заманауи медициналық және экономикалық айналымға енгізудің жаңа кезеңі.

Әр өңірден 50-ге жуық қымыз өндіруші қатысады. Фестиваль Октоберфест сияқты халықаралық үлгідегі мәдени-аграрлық брендке айналуы көзделіп отыр. Қонақтар екі күн бойы қымыздың түр-түрінен дәм татып, жылқы тұқымдары таныстырылатын көрмені тамашалап, этно-мәдени бағдарламаларға қатыса алады.

Фестивальдің ерекше жүлдесі – «Ең үздік қымыз» атағы үшін жарыс болмақ. Байқау жеңімпаздары қомақты қаржыға ие болады, жүлде қоры – 45 миллион теңге (I орын – 20 млн тг, II орын – 15 млн тг, III орын – 10 млн тг).