$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Шымкент әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

AstanaTV
16.07.2025ж. 22:30
90
Шымкент әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Шымкент әкімдігі қала тұрғындарын алаяқтардан абай болуға шақырды.  

Егер  күмәнді жағдайға тап болсаңыздар, шұғыл құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар,-деп хабарлады. 

“Тұрғын үй басқармасы қызметкерлері ресми хабарламаларды Шымкент қаласы әкімдігінің және Тұрғын үй басқармасының ресми сайттары, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы таратады", - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта. 

 

Сондай-ақ, алаяқтық әрекетке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Сіздерден белгісіз азаматтар жолдаған жалған құжаттамаларға немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарға сенбеуді, сондай-ақ бейтаныс нөмірлерге ақша аудармауды сұраймыз", - делінген хабарламада.