Бородулиха ауданының прокуратурасы үш орта мектептің 194 қызметкерінің жеке мәліметтерінің тарап кеткенін анықтады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Білім беру мекемелері мемлекеттік сатып алу бойынша медициналық тексеруден өту үшін қызметкерлердің тізімдерін жариялаған. Онда барлық қызметкерлердің жеке мәліметтері, оның ішінде толық анкеталық мәліметтер, ЖСН және басқа да ақпараттар көрсетілген.
Аудан прокуратурасы мектеп директорларын Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 79-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 1 миллион теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ олар тәртіптік жазаға тартылды.