$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен аудан тұрғыны ұсталды

16.07.2025ж. 19:30
63
Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен аудан тұрғыны ұсталды

Қостанай облысы Қарабалық кентінде аса ауыр қылмыс тіркелді. Тұрғын үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды.  Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол -45 жастағы ауыл тұрғыны. Полицияның алдына ала мәліметінше отбасылық жанжалдың соңы орны толмас қайғыға ұшыратқан.Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды .

НҰРЛАН АРЫСТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс отбасылық жанжал кезінде жасалған.Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.