$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Көппәтерлі үйлерді басқару мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді

16.07.2025ж. 19:30
93
Көппәтерлі үйлерді басқару мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді

Көппәтерлі үйлерді басқару мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді. Тиісті құжатқа мемлекет басшысы қол қойды. Енді тұрғындар таңдау құқығына ие болып, пәтер иелері кооперативінің жұмысы заңдастырылмақ. Осыған дейін азаматтар мүлік иелерінің бірлестігін құруға міндеттелген еді. Алайда соңғы бес жылда 47 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйдің 7 мыңға жуығы ғана бірлестік құрған. Осылайша реформа тұрғындардың басым көпшілігінің үйді басқару құқығын өз қолына алуға дайын емесін көрсетті.

ҚАРАХАН ҚАБИ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ТҮКШ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазір тұрғындар ОСИ құруға міндеттелмей, өздеріне үйреншікті бұрыннан істеліп келе жатқан КСК-лармен әрі қарай жұмысты жалғастырса болады. Ол үшін бір жиналыс өткізу керек. Оған қанша адам қатысу керек деген сияқты мәселелер өзгеріссіз қалды.

Сондай-ақ Заңға сәйкес енді тұрғын үй инспекциялары қосымша құзыреттілікке ие болды. Тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындық барысын бақылап, лифттердің жағдайын тексеруге міндеттеледі.

МАРҒҰЛАН ӘДІКӘРІМОВ, "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Қай үйде қандай нысан бар, қандай басқару субъектісі бар, тұрғын үй инспекциясы сол реестрді жүргізеді. Пәтер иелері кооперативі немесе мүлік иелері бірлестігі немесе басқарушы компаниялар болса, олар түгілі сол реестрдің ішінде болу керкек. Үйдің адресі, тарифтері, мекенжайы, басшысы толық көрсетіледі.